Ғылыми жұмыстың гипотезасы – зерттеушінің құбылыстың мәні туралы алдын ала болжамы. Ол зерттеу барысын жүйелеуге, мақсат пен міндетті нақтылауға, эксперимент пен бақылауды дұрыс құруға мүмкіндік береді. Гипотеза дұрыс дәлелденсе – теорияға айналады, ал теріске шығарылса – жаңа ғылыми ізденістерге жол ашады.